Өзбекстан соты үкіметті заңсыз қамалған құқық қорғаушыға өтемақы төлеуге міндеттеді

Өтемақы көлемі — 60 миллион сом (шамамен 5 800 доллар)


13/10/2020
12:06 47540 0

Фото: ozodlik.org

 

Өзбекстанда сот құқық қорғаушы Чуян Маматкуловты бас бостандығынан заңсыз айырғаны үшін мемлекетті оған өтемақы төлеуге міндеттеді. Маматкуловтың айтуына қарағанда үкім 12 қазанда шыққан. Азаттықтың хабарлауынша, өтемақы көлемі — 60 миллион сом (5 800 доллар). 

 

Құқық қорғаушы мемлекеттен 500 миллион сом (шамамен 48 300 доллар) талап еткен екен. Сондықтан сот үкіміне риза емес. Енді ол апелляциялық арыз бермекші. 

 

Маматкулов 2005 жылы Өзбекстанның сол тұстағы президенті Ислам Каримовтің үстінен әскери қызметкерлердің құқығын бұзды деп шағым түсірген. 2013 жылы ол «алаяқтық жасады», «адам ұрлады» деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Маматкулов 2018 жылы қамаудан шығып, 2020 жылы толық ақталды. 

 

2016 жылы Каримов қайтыс болғаннан кейін Шавкат Мирзиеев президент болғалы елде бұрын саяси тұтқын деп аталған 50-ден астам адам қамаудан шыққан.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/10/2020 12:06
47540 0

Уведомление